Жалғасқа адыраспан көмектеспеді

Жерлесіміз Жалғас Жұмағұлов бүгін түнде UFC турниріне тұңғыш рет шығып, бразилиялық қарсыласынан жеңіліп қалды.

Алматы, NEGE. БАӘ-дегі Жауынгерлер аралында өткен жекпе-жекте Жалғас Жұмағұлов тәуір бастаған. Бразилиялық сойқан Раулиан Пайваға соққылары да дәл тиіп, тіпті екі мәрте алып ұрды. Алайда төрешілер үш раундың нәтижесін саралай келе, жеңісті бразилиялық спортшыға берді. Есеп – 28:29. Атойлап жүріп айқын жеңбеген соң осылай болары анық еді.

Естеріңізге салайық, осы аптада Жалғас Жұмағұловтың әлдебір шөпті «арнайы құрылғымен» тартып тұрған видеосы жарияланған. Оқырмандар оны сан-саққа жүгіртті. Жұмағұлов бұрқыратып тұрған шөпті «адыраспан» деді бірі, енді бірі «марихуана болар» деп болжады. Спортшының өзі бұл мәселеге қатысты түсініктеме берген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Қошанов иттерді күтіп ұстауға бөлінген миллиардтардың мақсатты жұмсалғанына күмән келтірді

Энрике Иглесиасқа Қазақстанда жанкүйерлерін сүюге рұқсат етіле ме?