Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі келесі жекпе-жек күні мен қарсыласы анықталды

UFC жеңіл салмақтағы қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов жанкүйерлерімен жаңалықтарымен бөлісті. Ол келесі жекпе-жек күні мен қарсыласын атады.

Алматы, NEGE. Ол келесі жекпе-жектің күні мен қарсыласын анықталғанын жеткізді. Алайда қазақстандық файтер әзірге нақты ақпарат айтпады. 

«Күні белгілі, қарсыласым бар. Қазір біз мотивациямен алға жылжимыз», – деді Жалғас өзінің Instagram желісінде.

Жұмағұловтың соңғы жекпе-жегі 4 маусымда Лас-Вегаста өтіп, ол төрешілердің бөлек шешімімен америкалық Джефф Молинадан (11-2) жеңіліп қалған болатын. Жалпы, UFC туы астында Жалғас бес жекпе-жек өткізді. Бірінде жеңіске жетіп, тағы төрт жекпе-жекте жеңілді. Әлемдегі ең танымал ММА лигасында ақтөбелік 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды