Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды

Белгілі қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. Отандық спортшының қарсыласы АҚШ өкілі Нейт Мэнесс болмақ. Жекпе-жек 6-мамыр күні Ньюарктегі (Нью-Джерси штаты) UFC 288 турнирінде өтеді деп күтіліп отыр. Мэнесс кәсіби мансабында 17 жекпе-жек өткізіп, 14 рет жеңіске жеткен және үш мәрте қарсыласына есе жіберген.

Еске сала кетейік, 34 жастағы Жалғас Жұмағұлов ережесіз жекпе-жектен америкалық UFC лигасында өнер көрсетеді. Ол алты кездесу өткізіп, тек біреуінде жеңіске жеткен.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды