Жалғас Жұмағұлов UFC-мен жаңа келісімшартқа қол қойды

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-мен жаңа келісімшартқа қол қойды, оны менеджер Саят Әбдірахманов Instagram желісінде құттықтады.

Алматы, NEGE. Келісім төрт жекпе-жекке жасалды, спортшы сегізбұрышқа қашан оралатыны белгісіз.

Жұмағұловтың кейінгі жекпе-жегі UFC 264 турнирі аясында Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен. Оның қарсыласы америкалық Джером Ривера болды, ол оны қылғындыру әдісімен жеңген. Жалғас үшін бұл жеңіс UFC-дегі бірінші жеңіс болды, оған дейін ол екі рет ұтылды.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады