Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов (13-5) Лас-Вегас қаласында өткен UFC 264 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Отандасымыз америкалық Джером Риверамен (10-5) кездесіп, бірінші раундта қарсыласын қылқындырып тасады. Осылайша, Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы бірінші жеңісіне қол жетткізді. Ал жалпы бұл қазақстандық спортшының аралас жекпе-жектегі 14-ші жеңісі. Айта кетейік, Жұмағұлов UFC ұйымындағы үшінші кездесуін өткізді. Бұған дейін ол осы ұйымдағы бірінші кездесуде бразилиялық Раулиан Пайвадан, кейін швециялық Амир Альбазиден жеңіліп қалған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес