Жалғас Жұмағұлов UFC титулына үміткер файтермен сөзге келіп қалды

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов америкалық Джон Додсонмен әлеуметтік желіде сөзге келіп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE.  Бірнеше күн бұрын Жұмағұлов Додсонды жекпе-жекке шақырып, кездесуді кез-келген уақытта өткізуге дайын екенін айтқан болатын. Алайда америкалық спортшы бұл жекпе-жекке мүдделі емес екенін айтып, қазақстандыққа жалған аккаунттардан жекпе-жекке шақырудан бас тартуға кеңес берді."UFC-дегі дебют жекпе-жекгіңді маған қарсы өткізгің келетіні ұнайды. Бірақ маған UFC-де бірнеше кездесу өткізген адам керек. Маған қарсы шығу үшін түрлі жалған аккаунт ашатын қандай да бір жаңа жігітті іздемеймін", - деп жазды Додсон Twitter-де.

Жұмағұлов жауабын көп күттірмеді:

"Джонни, менде UFC-де дебют болды және қайта октагонға шығуға дайынмын. Сенде мен сияқты жанкүйерлердің қолдауы болған емес, сондықтан менің аккаунттарым жалған деп ойлайсың. Менің артымда бүкіл бір ел тұр, сондықтан менің атымды құрметте. Мен тәжірибесіз спортшы емеспін - оны менімен октагонға шыққанда біле аласың. Қаласаң, үлкен шоу жасайық, әлде сен басқа жекпе-жектеріңдегі сияқты әдеттегідей кері кете бересің бе? Менің барлық кездесуім - соғыс. Соғысқа дайын болсаң, жасайық!"- деп жауап берді Жұмағұлов.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты