Жалған хабарлама бергендер мемлекетке 6,3 млрд теңге шығын келтірген

Терроризм туралы жалған хабарлама бергендер мемлекетке едәуір шығын келтірген.

Алматы, NEGE. Терроризм туралы жалған хабарлама бергендер мемлекетке 6,3 млрд теңге шығын келтірген.

Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбековтің айтуынша, соңғы 3 жылда ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша («Терроризм актісі туралы жалған хабарлама») 400-ге жуық қылмыс тіркелген. Қоғам мен мемлекетке келтірілген шығын 6,3 миллиард теңгеден асты.

Осыны ескере отырып, мемлекеттік мекемелерге кіріс қоңырауларын екшеудің технологиялық әдістерін қолдану туралы шешім қабылданды.

Антифрод оператор жүйесі нақты уақыт режимінде сигналдардың әлемнің әртүрлі елдерінен келетінін анықтады және мектеп телефондарына қоңыраулардың келіп түсуіне жол бермеді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар топ мүшелері ұсталды

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды