Жалған диплом жарға жықты

Өскемен қаласында жалған дипломмен мемлекеттік қызметке орналаспақ болған ер адам сотталды.

Алматы, NEGE. «Өткен жылдың қыркүйек айында айыпталушы Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде «Қаржы және несие» мамандығын бітіргендігі туралы жалған дипломмен Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жұмысқа тұрмақ болды. Оның заңсыз әрекетін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері әшкереледі. Анықталғандай, сотталушы жалған дипломды 2005 жылы жасатқан», – деп хабарлады қалалық №2 соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімі бойынша 38 жастағы ер адам ҚР ҚК-нің 385-бабы, 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. 

 

Қазір оқып жатыр

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды