Жалған ақша айырбастағандар сотталды

Түркістан облысының екі тұрғыны жалған евромен ұсталды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі комитеті.

Алматы, NEGE. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында Сарыағаш қаласының екі тұрғынын номиналы 500 ЕВРО болатын 3 жалған купюраны 350 мың теңгеге өткізу барысында ұстаған.

Сарыағаш аудандық сотының үкіміне сәйкес Б.Сапаров және Н.Жанизакова ҚР ҚК-нің 233-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға сәйкесінше 2 жыл 6 ай және 2 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды