Жақсыбек Құлекеев Президентке ұсыныс айтты
Мемлекет басшысы белгілі экономист Жақсыбек Құлекеевті қабылдады, – деп хабарлайды Ақорда.
Алматы, NEGE. Президентке жаһандық геосаяси дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканы дамыту, сондай-ақ мұнай-газ секторының рөлін күшейту жөнінде ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, белгілі экономист және қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы өзінің көзқарасын айтты.