Жақсалиев пен Сәдібековтің ісін сот кері қайтарды
Nege.kz порталы бұрынғы Энергетика вице-министрлері Бақытжан Жақсалиев пен Ғани Сәдібековке қатысты сот процесінен бірнеше мәрте репортаж жасаған. Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудандық соты бұрынғы шенеуніктердің ісін прокуратураға қайтарды.
Нұр-Сұлтан, NEGE. Бурабайдағы өзеннің табанын тазалаймыз деп басы бәлеге қалған екі вице-министр мен тағы бірнеше лауазымды тұлғаның ісін судья А.Көлбаева прокуратураға кері қайтарды. Өйткені қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптары өрескел бұзылған. Жеті айға созылған сот процесінде судья қылмыстық істен көптеген қателік тапқан сыңайлы. Мәселен, бүкіл айыптау бір ғана сараптаманың қорытындысы бойынша жасалған. Кейін ол сараптаманы жасағандар лицензиясынан айырылып қалғаны белгілі болды.