Жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады

Бүгін Қазақстанның 1 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.

Алматы, NEGE. «2022 жылғы 21 наурызда Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», – делінген хабарламада.

Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.