Жайыққа 7 млн бекіре шабағы жіберілді

Атырауда екі күнде Жайық өзеніне бекіренің 7 млн-ға жуық астам шабағы жіберілді.

Алматы, NEGE. «Атырау» және «Жайық-Атырау» бекіре өсіру зауыттарынан қортпа, бекіре, пілмай және шоқыр шабақтары Жайық өзеніне жіберілді. Екі күнде су айдынына жіберілген бағалы бекіре тұқымдас балықтар шабағының саны 7 млн-ға жуықтады.

Мәселен, «Жайық-Атырау» зауытындағы 16 тоғанда бекіре тұқымдас балықтардың 3,5 млн шабағы мемлекеттік тапсырысқа сәйкес өсірілген. Ал, жергілікті табиғат пайдаланушылар Каспий теңізінің биресурсын сақтауға қосқан үлесі ретінде 279 мың шабақ өсіруге тапсырыс берген.

«Биылғы көктемде ауланған аналық және аталық балықтардан жасанды жолмен уылдырық алынды. Кейін сол уылдырықтан шабақтар өсірілді. Бекіре тұқымдас балықтар бір-біріне ұқсамайды. Шабақтар да солай, өлшемдері әртүрлі болады. Орташа есеппен шабақтардың салмағы 7-47 грамды құрайды» -дейді «Жайық-Атырау» бекіре өсіру зауытының директоры Ғильман Сәрсемалиев. 

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін