2 августа 2022 г. 8:45

Жайық өзенінен Махамбет ауданы әкімінің мәйіті табылды

Фото:

Ақпаратты Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі растады. Құзырлы органдар осы дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.

Алматы, NEGE. Еске салсақ, ТЖД хабарлағандай, Р.Жанқылыш 31 шілдеде сағат 20:30 шамасында «белгісіз жағдайларда шомылуға жабдықталмаған жерде суға шомылу кезінде батып кеткен».

Төтенше жағдайлар департаменті мәйітті 1 тамыз күні сағат 20.00-де оқиға орнынан 25 шақырым жерде (Сарайшық ауылының шетінде) Жайық жағасынан жергілікті тұрғындар тапқанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Ринат Жанқылыш 2021 жылдың ақпан айында Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалған. Ринат Бауыржанұлы өз ісінің кәсіби маманы ретінде әріптестерінің есінде қалады. Атырау облысының әкімі, барша әріптестер Ринат Бауыржанұлының мезгілсіз дүниеден өтуіне орай марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады"  деп хабарлайды әкімдіктегілер 

Тегтер: