Жағдайым онша емес: Марадонаның өлер алдындағы соңғы сөзі жарияланды

Аргентина құрамасының бұрынғы футболшысы және жаттықтырушысы Диего Марадонаның соңғы сөздері жарияланды. Todo noticias телеарнасының мәліметінше, футболшы өлім алдында өзін жайсыз сезінгенін айтқан, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Спорт порталының мәліметінше, Марадона ол кезде үйінде жиені Джонни Эспоситомен, психологпен және мейіргермен болған.

"Жағдайым онша емес" деген екен бұрынғы футболшы таңғы астан кейін.

Содан олар бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер келгенде ол дем ала алмай жатқан. Өкінішке қарай, кейінірек Диего Марадонаның жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болғаны айтылды. 

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды