22 августа 2023 г. 9:49

Жағдай жақсармады: «Қазақстан» шахтасындағы өрт ошақтары әлі жанып жатыр

Фото:

22 тамызда сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Қазақстан шахтасындағы жағдай: авариялық қазбадағы өрт ошақтары әлі де жанып жатыр, жағдай жақсарған жоқ, деп хабарлады ТЖМ.

Алматы, NEGE. Өртті таралуына жол бермеу үшін жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты КӘАҚҚ РШО шахтадағы аварияны жою штаб басшылығы гипстен көпірлер салу арқылы апатты учаскені оқшаулау туралы шешім қабылдады. 

Көпірлер салу орындары анықталды, материалдарды жеткізу басталды, содан кейін барлық күштерді апаттық учаскеге жіберу жоспарланып жатыр.

Тегтер: