Жағажайды жануарлар жайлады
Карантинге байланысты жұрттың үйге қамалуы құстар мен теңіз жануарларына оң әсер еткен. Перу астанасындағы халық демалатын жағажайды қазір жануарлар жайлап алған.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Перудің Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ақпаратына сілтеме жасап РИА новости хабарлады.
«Мыңдаған құстар, дельфиндер, итбалықтар, бір сөзбен айтқанда барша теңіз жануарлары жағажайда еркін «демалып» жатыр. Біз мұндай кереметті ешқашан көрген емеспіз. Бұл әрі өте жақсы жаңалық» делінген минстрліктің мәліметінде.
Лима қаласы (Перу астанасы) Тынық мұхитына тиіп тұр. 10 млн халқы бар қаладағы карантин теңіз жануарларына тиімді болып шыққан. Карантин 12 сәуірге дейін созылады. 635 адам індет жұқтырса, 11 адам көз жұмған.