Жағалаудағы құрылыс кезінде 170 млн теңге жымқырған: Көкшетауда шенеунік сотталды

Көкшетау қалалық сотында бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша айыпталған әкімдіктің ТКШ бөлімінің бұрынғы басшысына, техникалық қадағалау өкіліне және мердігер ұйымының басшысына үкім шықты.

pixabay.com

Астана, NEGE. Тергеу материалдарына сәйкес, 2020 жылы «Қопа» көлі жағалауындағы құрылыс кезінде 170 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған. Кейін бұл қаражат заңдастырылған. Тергеуді Ақмола облысының арнайы прокурорлары жүргізген.

Айыпталушылар Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінде (аса ірі мөлшерде алаяқтық), 361-бабының 4-бөлігінде (лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) және 218-бабында (қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сотта ТКШ бөлімінің бұрынғы басшысына 5 жыл 8 ай, техникалық қадағалау өкіліне 6 жыл 8 ай және мердігер ұйымының басшысына 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді