Зейнетақы жинақтарын ипотеканы жабуға пайдалану ұсынылды
Қазақстанда зейнетақы жинақтарын ипотеканы жабу үшін пайдалануға рұқсат беру ұсынылды.
Астана, NEGE. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ипотека бойынша негізгі борышты өтеу, ай сайынғы төлемдерді азайту немесе несие мерзімін қысқарту үшін пайдалану мүмкіндігін беретін өзгерістер жобасын әзірледі.
«Қағидалар жеке тұлғалардан – Қазақстан Республикасының резиденттерінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері түріндегі кірістен жеке табыс салығын ұстаудан босатуды көздейтін ҚР жаңа Салық кодексінің редакциясына сәйкес келтіру және банктер алдындағы борыштық жүктемені азайту үшін негізгі қарызды өтеу не ай сайынғы төлемді азайту не ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кредит мерзімін қысқарту үшін», – деп көрсетілген жобаның қысқаша мазмұнында.
Құжатта көрсетілгендей, бұл өзгерістер Қазақстан резиденттерін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын төлеуден босататын Салық кодексіне енгізілген жаңа түзетулерімен байланысты.
Жоба «Ашық НҚА» порталында орналастырылған және оны 21 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға ұсыну көзделген.