Зеленский: Украинадағы соғыс қандай жағдайда аяқталады?

Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің бақылауындағы аумақ НАТО-ға қосылған жағдайда соғыстың «қызған кезеңін» тоқтатуға келісетінін айтты. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы Зеленский сұхбат барысында айтты. «Егер біз соғыстың қызған кезеңін тоқтатқымыз келсе, біз НАТО қолшатыры астында өзіміз бақылайтын территорияны алуымыз керек, содан кейін Украина басып алған аумақтарды дипломатиялық жолмен қайтара алады».

Бұл туралы Владимир Зеленский Sky News тілшілеріне берген сұхбатында айтты.

“Альянсқа мүше болу Ресей президенті Владимир Путиннің қайтып оралмайтынына және басқа аумақтарды басып алуға әрекеттенбейтініне кепілдік береді”, деп есептейді Украина президенті.

   Зеленский НАТО-ның қауіпсіздік кепілдігінсіз қақтығыс тоқтатылса, жақын арада соғыс қайта басталады деп санайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Зеленский Қырымды дипломатиялық жолмен қайтаруға болатынын мәлімдеген еді. 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?