Зеленский Путиннің Жеңіс күніне орай бітімге келу туралы ұсынысынан бас тартты

28 сәуір күні Владимир Путин Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай бітім жариялады. Барлық ұрыс қимылдары 2025 жылғы 8 мамыр сағат 00:00-ден 11 мамыр сағат 00:00-ге дейін тоқтатылады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің 9 мамырда бітім орнату туралы ұсынысын қабылдамады. Оның орнына 30 күндік оқ атуды толық тоқтатуды талап етті.

«Сөзсіз оқ атуды тоқтату – бұл америкалықтардың ұсынысы. Біз оны қабылдаймыз. Неге атысты 30 күнге тоқтату керек? Себебі үш, бес, жеті күнде қандай да бір келісімге келу мүмкін емес», – деді Зеленский.

Сондай-ақ, Украина басшысы 9 мамырда Мәскеуге келетін әлемдік көшбасшылардың қауіпсіздігіне Киев кепілдік бермейтінін айтты.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды