Зеленский Путиннің ұсынысына қатысты пікір білдірді

 Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің мемлекет басшысы Владимир Путиннің келіссөз жүргізу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді.

В.Зеленскийдің телеграм арнасынан

Алматы, NEGE. "Бұл жақсы белгі. Бүкіл әлем мұны көптен күтті. Кез келген соғыстың нақты аяқталуы үшін алғашқы нақты қадам - атысты тоқтату. Бір күнге де кісі өлтіруді жалғастырудың мағынасы жоқ. Ресей атысты толық тоқтатуды растайды деп күтеміз, ұзақ және сенімді – ертеңнен, 12 мамырдан бастап және Украина кездесуге дайын", - деп жазды Украина президенті Зеленский телеграм арнасында.

Айта кетейік, Путин Украинаға 15 мамырда Ыстанбұлда тікелей келіссөздерді қайта бастауды ұсынды. Бұл ұсынысқа қатысты АҚШ президенті Дональд Трамп та пікірін айтты.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?