Зеленский Путиннің шақыруынан бас тартып, оған Киевке келуді ұсынды

Украина президенті Владимир Зеленский Путиннің Мәскеуде бейбіт келіссөздер жүргізу туралы ұсынысын қабылдамай, оны Киевке шақырды. Бұл туралы ABC News хабарлады.

Thomas Peter / Reuters

Алматы, NEGE. Зеленский Ресей президенті Путинге Украинаға келуді ұсынды.

"Ол Киевке келсе болады. Қазір соғыс болып жатқанда, Киевтен Мәскеуге бару орынсыз әрі қолайсыз. Егер мен де оған Киевке міндетті түрде келсін десем, ол да орынсыз болар еді", – деді Украина президенті.

Зеленскийдің пікірінше, Путин мұндай ұсынысты кездесуді кейінге шегеру үшін жасаған.

Украина президенті ел күн сайын ракеталық соққыларға және шабуылдарға ұшырап жатқанда Мәскеуге бара алмайтынын айтты. Сондай-ақ Путиннің мұны "түсінетінін" жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді