12 мая 2025 г. 9:25
Зеленский Путинмен жеке кездесуге дайын екенін мәлімдеді
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен 15 мамыр күні Түркияда бетпе-бет кездесуге дайын екенін мәлімдеді.
Алматы, NEGE. «Біз ертең ұзақ мерзімді атысты тоқтатуды күтеміз. Бұл – дипломатиялық шешімге жол ашудың жалғыз мүмкіндігі. Адам өлімін соза берудің қажеті жоқ. Мен бейсенбіде Түркияда Путинді күтемін», – деп жазды Зеленский әлеуметтік желіде.
Бұған дейін Путин келіссөзді қайта бастауға дайын екенін мәлімдеп, Стамбұлда алдын ала шарттарсыз кездесу ұсынған еді. Ал Украина жағы 2 мамырдан бастап 30 күнге созылатын толық атысты тоқтатуға дайын екенін білдірген.
Бұл бастама Макрон, Туск, Стармер мен Мерцтің Киевке сапарынан кейін ұсынылғаны хабарланды.