Зеленский Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін жеткізді

Украина Президенті Fox News арнасына берген сұхбатында Кремльге екі ел басшыларының кездесуін бірнеше мемлекетте өткізуді ұсынғанын, соның ішінде Қазақстан да бар екенін айтты.

Валентин Огиренко / Reuters

Алматы, NEGE. Бір апта бұрын Зеленский тағы да Трамппен және Путинмен үшжақты немесе екіжақты форматта алдын ала шартсыз кездесуге дайын екенін мәлімдеген. Бірақ Мәскеуде кездеспейміз деп шарт қойған.

«Біздің командалар Түркияны, Сауд Арабиясын, Катарды, Австрия мен Швейцария секілді Еуропаның бейтарап елдерін ұсынды. Егер қаласаңыздар, Қазақстанда да өткізуге болады, біз дайынбыз дедік», – деді ол тікелей эфирде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?