Зеленский мен Трамп Ватиканда кездесті

Зеленский мен Трамп Рим Папасының жерлеу рәсіміне қатысу үшін Ватиканға ұшып келді.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Владимир Зеленскийдің кеңсесі оның Ватиканда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі кезінде түсірілген фотосуреттерді жариялады.

Суреттерде Трамп пен Зеленскийдің залдың ортасында бір-біріне қарама-қарсы орындықта отырғанын көруге болады.

Бірнеше минуттан кейін екі саясаткер де Әулие Петр базиликасының алдындағы алаңға шығып, 21 сәуірде 89 жасында қайтыс болған Рим Папасы Францискке арналған жерлеуге қатысты.

Sky агенттігінің мәліметінше, Зеленский мен Трамп рәсімнен кейін әңгімені жалғастыруға келіскен.

Қазір оқып жатыр

ІІМ референдум қарсаңында ел тұрғындарына үндеу жасады

Жеңілдетілген ипотекаларға қарамастан, Қазақстанда баспана алу қиындай түскен

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды