Зеленский Ыстанбұлда өтетін келіссөздерге қатысатынын растады

Делегацияны Қорғаныс министрі Умеров басқарады, деп жазды BBC агенттігі. 

РИА новости

Алматы, NEGE. Владимир Зеленский Украина өз делегациясын 2 маусым, дүйсенбі күні Ыстанбұлда өтетін Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге жіберетінін растады.

Делегацияны Украина Қорғаныс министрі Рустем Умеров басқарады. Ол сондай-ақ мамыр айының басында өткен алғашқы келіссөздер раунды кезінде украин тарапынан келіссөз жүргізген топты басқарған болатын.

Зеленский украин делегациясының келіссөздердегі міндеттерін былайша сипаттады:

— Бірінші — толық және сөзсіз атысты тоқтату. Екінші — тұтқындарды босату. Үшінші — ұрланған балаларды қайтару. Ал тұрақты әрі ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін — жоғары деңгейдегі кездесуге дайындық жүргізу. Негізгі мәселелерді тек көшбасшылар шешуі мүмкін, — деді Зеленский.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?