Зеленский 18 тамызда Вашингтонда Трамппен кездеседі

АҚШ президенті Дональд Трамп Анкоридждегі саммиттен кейін Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы CNN Ақ үйге сілтеме жасап хабарлады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливиттің айтуынша, Трамп алты сағаттық әуе сапарының көп бөлігін Зеленскиймен сөйлесуге арнаған. Украина президентінің кеңсесі де бұл қоңыраудың ұзаққа созылғанын, бастапқыда екі президент жеке сөйлескенін, кейін әңгімеге бірқатар еуропалық көшбасшылар қосылғанын мәлімдеді.

Зеленский өзінің Telegram-арнасында Украина – АҚШ – Ресей форматында үшжақты конференция өткізу туралы Трамптың ұсынысын қолдайтынын айтты. Сондай-ақ ол 18 тамыз күні Вашингтонға ресми сапармен баратынын растады.

Fox News телеарнасына берген сұхбатында Трамп Путинмен кездесуді «10 баллдың 10-ына» бағалап, ендігі қадам Зеленскийге байланысты екенін жеткізді. Ол Ресей президентінің бейбітшілікке ашық екенін және «шын мәнінде соған қол жеткізгісі келетінін» атап өтті.

Трамп үшжақты кездесу өткізуге де дайын екенін айтып:

— Егер олар қаласа, мен де сол жиында боламын. Қазір Зеленский мен Путиннің кездесуін ұйымдастыру ойда бар. Бұл маған аса қажет емес, бірақ мұның жүзеге асқаны дұрыс деп есептеймін, — деді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?