Зеленскийдің Қазақстанға қандай қатысы бар?

Украина президенті Владимир Зеленский The Times of Israel басылымына берген сұхбатында әжесінің Алматыда тұрғанын айтты.

Алматы, NEGE. «Менің әжем Украинаның фашистер басып алған оңтүстігіндегі Кривой Рогта тұрған. Олар барлық еврейдің көзін жойды. Әжем басқа еврейлермен Қазақстанның Алматы қаласына эвакуацияланған. Көп адам сонда қашты. Ол сол жерде оқыды. Әжем – мұғалім. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қайтып келді», – дейді Зеленский.

Сонымен қатар, Украина басшысы Освенцимдегі неміс концлагерін босату оқиғасына 75 жыл толуына орай Израильдегі еске алу кешіне баратынын, алайда ол жерде сөз сөйлемейтінін айтты, – деп хабарлайды РИА Новости.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды