Зеленскийдің әйелі ауруханада жатыр
Украина президентінің ж
ұбайы Елена Зеленская Киевте пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Укринформ агенттігі хабарлады.
Алматы, NEGE. Елена Зеленскаядан «COVID-19 табылған және оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. «Елена Зеленская оттегі аппаратына қосылған жоқ. Жағдайы тұрақты», - делінген Президент кеңсесінің телеграмм каналында таратылған ақпаратта. Алайда, кеше Украина президент Владимир Зеленский мен оның балаларынан алынған COVID-19 сынамаларынан ауру анықталған жоқ. Еске салсақ, Украинада коронавирус жұқтырғандар саны 30 мыңнан асып кетті.