Зеленский жерлестеріне көңіл айтты

Украина президенті Владимир Зеленский Тегерандағы ұшақ апатынан қаза тапқан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Алматы, NEGE. Украина президенті Зеленский facebook парақшасында: «Таяу Шығыстан суыт хабар жетті. Бүгін таңертең Имам Хомейни халықаралық әуежайынан (Тегеран қаласы) ұшып шыққан украиналық әуе компанияның жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ бортындағы барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері қаза тапқан. Қазір біздің елшілік қайғылы жағдайдың мән-жайы мен қаза тапқандардың аты-жөніне байланысты ақпаратты нақтылап жатыр. Ұшақ апатынан қаза тапқан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің жақындары мен туыстарына көңіл айтамын», – деді.

Айта кету керек, Тегеранда украиналық ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 180 жолаушының бәрі қайтыс болды. 

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен