Зеленский вакцина салдырды

Украина президенті Владимир Зеленский коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы ол Instagram-аккаунтында жазды.

Алматы, NEGE. «Дәрігерлер мен әскери қызметкерлер вакцинацияланып жатыр. Қалған адамдарды кезекке жазылуға шақырамын. Қорқатын ештеңе жоқ, міне менің мысалым", - деп жазды Зеленский.