Зеленский: Украинаның НАТО-ға кіре алмайтынын мойындауымыз керек

Украина президенті Владимир Зеленский елдің НАТО-ға кірмейтіні туралы мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Біріккен экспедициялық күштердің құрамына кіретін мемлекеттер басшыларының онлайн отырысында Украина басшысы Украинаның НАТО-ға мүше бола алмайтынын баса айтты.

«Біз адекватты халықпыз және бұл ұйымға кіре алмайтынымызды түсінеміз. Жылдар бойы біз ашық есік туралы естіп келдік. Алайда ол есікке кіре алмайтынымызды білеміз. Бұл шындықты мойындау керек. Біздің халқымыз тек өзімізге және тілеулестерімізге ғана сенуге болатынын мойындап отыр», – деді Зеленский.

Бұған қоса, Украина президенті НАТО-ны Украинаның үстінде ұшуға тыйым салынған аймақ құруға шақырды. Ол бұл шараның салдарын Киев жақсы білетінін айтты. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр