Зеленский Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс өткізілген президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Алматы, NEGE. Сондай-ақ Twitter арқылы Зеленский екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізіп, Қазақстанның гуманитарлық көмегі үшін алғыс білдірді.