27 апреля 2023 г. 14:19
Зеленский Си Цзиньпинмен сөйлесті
Украина президенті Владимир Зеленский Қытай басшысы Си Цзиньпинмен телефон арқылы ұзақ сөйлескенін хабарлады.
Алматы, NEGE. Бұл олардың Ресейдің Украинаға қарсы соғысы басталғаннан бергі алғашқы байланысы.
«Бұл қоңырау, Украинаның Қытайдағы елшісін тағайындау екіжақты қарым-қатынастарымыздың дамуына күшті серпін береді деп ойлаймын», - деп жазды Зеленский Twitter-де.
Кейінірек Павел Рябикин Украинаның Қытайдағы елшісі болып тағайындалғаны белгілі болды, Зеленский оны тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұған дейін Рябикин стратегиялық индустрия министрі қызметін атқарған.
Бейжің сөйлесудің украин тарапының бастамасымен болғанын айтты.