Зеленский ресейлік екпеден неге бас тартты?

Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік екпені алғысы келетін украиндықтарға реніш білдірді. Ол бұл туралы The New York Times газетіне берген сұхбатында айтты.

Алматы, NEGE. «Әрине, украиндық қоғамға Америка мен Еуропа бізге өз вакцинасын бермей тұрғанда, Ресейден мүлдем алмауға тиіспіз» деп айтып, түсіндіре алмайсың. Халыққа мемлекеттің неліктен Ресей екпесін сатып алмай отырғанын да түсіндіру мүмкін емес» деген Зеленский ақпараттық соғысқа дайындалып жатқанын айтты.  

 Айта кету керек, бұған дейін ресми Киев екпе жеткізу үшін Pfizer, Moderna және Johnson&Johnson компанияларымен келісім-шарт орнатқан болатын. Яғни, Украина еуропалық екпені сатып алып, 2021 жылдың ақпанынан бастап коронавирусқа қарсы екпені жаппай салуға кіріспек еді. Тіпті, Зеленский қарамағындағыларға екпені қаңтар айында елге жеткізуге тапсырма берген. Есесіне, билік ресейлік «Спутник V» екпесін алудан бас тартты.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?