Зеленский: Ресейге санкция салу жеткіліксіз

«Батыс Украинаның Буча мен басқа қалаларындағы бейбіт азаматтарды өлтірген Ресейге жаңа санкциялар салу керек, бірақ бұл жаза жеткіліксіз».

Алматы, NEGE. Бұл туралы Владимир Зеленский мәлімдеді. Айтуынша, адамдардың көбі оқ тиіп, көз жұмған. Ал Кремль бұл айыптауды жоққа шығарып отыр.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

 – Әдетте президенттер мұндай үндеу жасамайды. Бірақ бүгін мен бұл сөздерді айтуға мәжбүрмін. Буча мен басқа қалаларда жүздеген адам азапталып, өлтірілген. Көшелер мәйіттерге толып кеткен. Миналар қойылған. Тіпті мәйіттерге де мина жасырылған. Біздің жерімізге зұлымдық келді. Кісі өлтірушілер, баскесерлер, әйел зорлаушылар, тонаушылар өзін «әскер» деп атап жүр. Олар тек өлімге ғана лайықты. Меркель ханым мен Саркози мырзаны мына сұмдықты өз көзімен көру үшін Бучаға шақырамын.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін