Зеленский: Ресейдің 31 мыңнан астам әскері өлді

Украинада қарулы қақтығыс басталғалы Ресейдің 31 мыңнан астам әскері ажал құшқан.

Алматы, NEGE. Қазір күніне ресейлік 300-ге жуық сарбаз көз жұмады. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский хабарлады.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Украинаның қиян-кескі ұрыс жүріп жатқан майдан шебінде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Украина әскері Донбас аймағын ерлікпен қорғауда. Бірінші кезекте – Северодонецк, Лисичанск, Попасная қалалары. Ресей қосымша әскер әкеліп жатыр. Бірақ бұл енді ештеңені шешпейді. Өйткені басқыншы сарбаздардың көбі Украинада түпкілікті жеңіске жете алмайтынын түсінді. Біз еркін елміз, құл емеспіз.    

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді

Алматыда жылу-электр орталығын шоты бұғатталған компания салмақ

Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ