Зеленский Путинмен кездескенде НЕГЕ қобалжыды?

Дүйсенбіде Парижде "норманд төрттігінің" кездесуі өтті. Ресей, Украина, Франция және Германияның басшылары – Владимир Путин, Владимир Зеленский, Эммануэль Макрон және Ангела Меркель бір үстел басында жиналды.

Алматы, NEGE. Кездесудің негізгі мақсаты – Украинаның оңтүстік шығысындағы дағдарыс мәселесін шешу. Алайда кездесу басында Украина басшысы қобалжығанын бірнеше қимылы арқылы байқатып қойды. Мәжіліс залына кірген кезде Зеленский Путинге арналған кресло менікі деп қалса керек, monsieur Poutine деген жазуды көре сала қателескенін түсінді. Өз жайына отыра сала бір жұтым су ішкенін видеодан көруге болады. Орнына отырған Украина президенті журналистерге қарап суретке түсу керек екенін естен шығарады. Лсылайша Зеленскийге Макрон мен Путинге қараңыз деген нұсқау берілді.

Бір қызығы, журналистер Владимир Зеленскийдің сөзі қағазға қолмен және орыс тілінде жазылғанын байқап қалған. Желіде Кремль пулының тілшісі Дмитрий Смирнов түсірген сурет тез тарап кетті.  

Артынша Елисей сарайында Зеленский мен Путиннің кездесті. Ол бір сағаттан аса уақытқа созылды. Айта кетейік, бұл – Ресей және Украина президенттерінің алғашқы кездесуі. Бұған дейін олар тек телефон арқылы сөйлескен.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды