Зеленский Порошенконың әйелін «қуып шыққан» ба?

Украина президенті Владимир Зеленский экс-президент Петр Порошенконың әйелі Марина Порошенконы Ұлттық мәдени-көркем және «Мистецький арсенал» мұражай кешенін дамыту жөніндегі кеңестің басшысы қызметінен босатты.

Алматы, NEGE. Бұл туралы бұйрық президенттің сайтында жарияланды. Ал оның орнына қазіргі президенттің әйелі, Украинаның тұңғыш ханымы Елена Зеленская жайғасты.

Бұған дейін Марина Порошенко Украина мәдени қорының төрағасы қызметінен бас тартып, ол бұл шешімге қазіргі биліктің қысымынан кейін келгенін түсіндірген. Оның айтуынша, Украина мәдени қорын басқарған кезде Украина Мәдениет, жастар және спорт министрі Владимир Бородянский өкілеттілігін қысқа мерзімде тоқтату керектігін айтқан. «Демек, оан тапсырма беріп, бастамашы болған президенттің кеңсесі. Маған тағылатын негізгі кінә – менің фамилиямда ғана. Алайда, 30 жылдан бері алып келе жатқан тегімді ауыстыру ойыма да келген емес. Керісінше, осы текпен Украина тарихының парақтарына енгеніме шүкірлік етемін», – дейді Марина Порошенко.   

Қазір оқып жатыр

«BAE Systems» Питер Фостермен бірге кетті. Бізді НЕГЕ қызық кезең күтіп тұр?

Депутат: Санжар Боқаевқа тағылған айып бойынша бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

Ақтөбе облысында төбелес кезінде 17 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты

«ЦОН-дардағы» парақорлықты мемлекеттік корпорацияның өзі анықтаған