Зеленский: карантин оң нәтиже берді

Екінші күн қатарынан коронавирус инфекциясынан айыққан украиндықтардың саны ауруға шалдыққандардың санынан едәуір асқан.

Алматы, NEGE. Үкімет енгізген карантин өз нәтижесін берді, деп мәлімдеді Украина президенті Владимир Зеленский үкімет мүшелерімен кездесуінде.

«COVID-19 індетімен күрес көп нәрсені қажет етеді, бірақ біз жұқтырушылардан көрі сауыққандар саны ұлғайған межеге жеттік. Мұны әртүрлі салалардың есептерінен де көруге болады. Бұл біздің қолға алған  әрекеттеріміздің дұрыс болғанын және украиндықтардың билік ұсынысына құлақ асқанын білдіреді. Осыған сәйкес біз алға жылжуды жалғастыруымыз керек», - деген Зеленскийдің сөзін президенттің баспасөз қызметі жариялады.

Украина Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы дерегі бойынша, бұл елде індет жұқтырғандар саны 52 843-ке жеткен. Оның 800-і өткен тәулікте тіркелген. 1372 адам қайтыс болса, дертінен айққандар саны – 25 661 адам.

Қазір оқып жатыр

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды