Зеленский Иранның ұшақ апатын толық мойнына алуын талап етті 

Украина президенті Владимир Зеленский Boeing 737-800 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты кінәні толық мойнына алуын талап етті.

Алматы, NEGE. Украина президенті бұл туралы өзінің ресми Telegram-каналында жазды. Сондай-ақ, ол Украина Иранның ресми түрде кешірім сұрап, кінәлілерді жазалап, компенсация төлеу керектігін қадап айтты. Оның айтуынша, бүгінгі таң жақсы атпаса да, шындықты жеткізді деді. 
Айта кету керек, бұған дейін ұшақты ирандық ракета атқылағаны белгілі болды. Иран тарапы жолаушылар ұшағын байқаусызда қателесіп атып алғанын да мойындады. Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифтың айтуынша, бұл қателік АҚШ-пен арадағы авантюристік дағдарыс кезеңіне байланысты болды. 
 Иранда апатқа ұшыраған украиналық ұшақта 167 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болған. Оның көбі Канада мен Иранның азаматы.  

Қазір оқып жатыр

Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген