Зеленский ыңғайсыз жағдайға тап болды
Украины президенті Владимир Зеленский жұмыс сапары кезінде қатты дауыстан қорқып, ыңғайсыз жағдайға тап болды.
Алматы, NEGE. Оқиға Мариуполдегі Mariupol Ice Center мұз айдынының ашылу салтанатында болды. Оқиға кезіндегі видео YouTube-те пайда болды.
Колонкалардан қатты дауыс шығып кеткен кезде Зеленский споршылармен сөйлесіп отырған. Шошып кеткен Украина президенті бірден құлағын жауып, оған күзет қызметшісі келген.
«Бәрі дұрыс, бәрі дұрыс. Отырмын», – деді Зеленский.
Сондай-ақ ол әкімшіліктен бұл дауысты қоспауды өтінді.