Зеленский Донбасс мәселесін референдумда шешуді ұсынды

Украина президенті Владимир Зеленский бүкілукраиналық референдумдағы алғашқы мәселелердің бірі Донбасстағы жағдай болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. "Бүгінде бұл ең маңызды мәселе болуы керек. Ол - Донбастағы жағдай. Біраз уақыттан кейін, өйткені бізде соғысты тоқтатуға қатысты бірнеше жоспар бар - А, В, С - осы тақырыппен референдум өткіземіз. Жоспарлардың бірі орындалуы мүмкін", - деді Зеленский Украина президенті ретіндегі екінші мерейтой қорытындылары туралы бейсенбіде өткен баспасөз мәслихатында.

8 сәуірде президент Владимир Зеленский "Бүкілукраиналық референдум туралы" Заңға қол қойды. Заңға ел президенті халыққа мемлекеттік мәселелерді саясаткерлер қатысуынсыз дербес және тікелей шешу құқығын беру туралы бастама көтерді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті