Зейнеткерді тонап кеткен

Қарағанды облысында зейнеткерді тонап кеткен азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды, NEGE.  25 қаңтарда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 78 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Зейнеткер үйдің кіреберісіне кіргенде өзіне белгісіз біреудің шабуыл жасағанын айтып шағымданды. Қаскүнем қариядан ішінде құжаттары бар 15 мың теңге тұратын әмиянын тартып алып, қашып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған 43 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабымен (Тонау) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды