Зейнеткерді тонаған қаскүнем ұсталды

Талдықорған қаласында адам тонау фактісі ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Талдықорған қаласының көшелерінің бірінде зейнеткер әйелге шабуыл жасалып, белгісіз біреу ашық түрде оның қол сөмкесін тартып әкеткен. Жәбірленушінің сөмкесінде ұялы телефоны, банк карточкалары мен 17 мың теңге сомасындағы ақшасы болған.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Кербұлақ ауданының тұрғыны ұсталды, жәбірленуші оны бірден таныды және одан айғақ заттар алынды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Арқалықта полицейлер қай көлікті тоқтатпау керегін арнайы чаттан біліп отырған

Депутат Жаңбыршин қызына қатысты қауесетке пікір білдірді

Мотокросстан Қазақстан Республикасы Чемпионаты өтеді

Сарбаз Қазыбек Оспановтың қазасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды