Зейнеткерді өлімші етіп соққыға жыққан

Зейнеткерді өлімші етіп соққыға жыққан күдікті Алматы облысында ұсталды, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігінің (ІІМ) ресми интернет-ресурсы.


Aлматы. NEGE. «Соққыға жығылған 77 жастағы қарт әйел түрлі дене жарақаттарымен шұғыл түрде Жаркент қаласының ОАА қабылдау бөліміне жеткізілді. Тергеудің қазіргі кезеңінде түнде егде жастағы әйелдің үйіне белгісіз біреудің басып кіріп, оны соққыға жыққаны анықталды. Қылмыстың шынайы мотивтері тергеу барысында толық анықталатын болады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдікті ретінде Жаркент қаласының 46 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті ҚР ҚПК 128 бабы бойынша уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды», - делінген хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, соққыға жығылған әже алынған дене жарақаттары салдарынан бүгін көз жұмды. Аталған дерек ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Астана әуежайында 15 сәуірден бастап рейстер кестесі өзгереді

Қазақстанда жылу электр орталықтарын Ресейдің орнына Сингапур салатын болды