Зейнетақыға қанша млрд теңге бөлінді?
Биылғы қаңтар айында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеу үшін – 62,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 138,4 млрд теңге бағытталды.
Алматы, NEGE. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда зейнеткерлер саны 2 млн 222 мың 500 адамды құрайды» деп хабарлады.
Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемдерін қоса алғанда) 2020 жылдың 1 ақпанына 90 502 теңге болды.