Зейнетақы жинағын шетелде емделуге жұмсай аласыз

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Виктория Шегай Tengri TV-дің тікелей эфирінде қазақстандықтар зейнетақы салымдарының бір бөлігін емделуге жұмсай алатынын айтты.

Алматы, NEGE.  "Жергілікті атқарушы органдардың жанынан арнайы комиссия құрылады. Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген ережелер бойынша қандай да бір аурулардан емделіп, оның ақысын зейнетақы жинағы арқылы төлеу мәселесі қаралып жатыр. Оның қандай аурулар екені анықталады.

Комиссия медициналық көмек алу үшін осындай ауруларды емдеу мәселесін қарайды. Ол мақұлданған жағдайда ақша Денсаулық сақтау министрлігінің бірыңғай операторы арқылы тиіс медициналық ұйымға, оның ішінде шетелдік клиникаларға жіберіледі", - дейді Виктория Шегай.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты