Зейнетақы жинағын алуға рұқсат алғандарға ақша 1 ақпаннан бастап түседі

Арнайы ашылған порталда өткен демалыстарда берілген өтінімдер операторға тек дүйсенбі күні жеткен. Зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға рұқсат алған азаматтардың ақшалары 1 ақпаннан бастап түседі. «Отбасы банкінің» басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова өтінім бойынша аударылатын қаражаттың орташа сомасы 6 млн теңге екенін жариялады, деп хабарлайды Atameken Business.

Алматы, NEGE. Айтуынша арнайы ашылған порталда өткен демалыстарда берілген өтінімдер операторға тек дүйсенбі күні жеткен. Сол себепті ақша бір аптадан артық мерзімнен кейін аударылады. Банк басшылығы бір өтінімді игеруге берілетін 5 күндік мерзім аз екенін айтады. Бұл негізгі қызметтер бойынша міндеттемелері бар банк мамандары үшін қосымша жүктеме. Ал штат санын көбейтуге рұқсат берілмеген. Бүгінгі күнге БЖЗҚ-дағы ақшасын шешуге 94 мыңнан астам арнайы есепшот ашылды. Ал «Отбасы банкіне» 61 мыңнан астам өтінім түсіп, 33 мыңға жуығы мақұлданды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр